Accessibility links

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында күміс алды


Қазақстандық балуаны Нұрлан Бекжанов (Сурет спортшының жеке мұрағатынан алынды).
Қазақстандық балуаны Нұрлан Бекжанов (Сурет спортшының жеке мұрағатынан алынды).

11 желтоқсанда Будапеште (Венгрия) күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды.

Еркін күресте 70 килограмда белдескен Нұрлан Бекжанов күміс медаль алды. Ол финалда ресейлік Магомед Курбаналиевтен 4:8 есебімен жеңілді. Бекжанов ширек финалда Михаил Саваны (Молдова), жартылай финалда Набуоши Такожиманы (Жапония) жеңген еді.

Қазақстан еркін күрестен әлем чемпионатында соңғы рет медальды 2011 жылғы әлем біріншілігінде алған. Ол кезде Дәулет Ниязбеков пен Дәурен Жұмағазиев қола жүлде иеленген.

Будапештегі әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан екі медаль алды. Жарыстың бірінші күнінде әйелдер күресінен Айым Әбілдина қола жүлдегер атанған.

XS
SM
MD
LG