Түркия полициясы күрдшіл Халықтық-демократиялық партия (ХДП) өкілдеріне қарсы рейд барысында 118 адамды ұстағанын хабарлады.
Мемлекеттік Anadolu агенттігінің хабарлауынша, тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен (КЖП) байланысы бар делінген күдіктілерді ұстау рейді бүгін таңертең жүргізілген.
Рейд ХДП-дан шыққан "Күрдістен еркіндік сұңқарлары" тобы Стамбулда 10 желтоқсан күні болған екі жарылыстың жауапкершілігін мойнына алған соң жүргізіліп отыр. Стамбулда 10 желтоқсан күні кешке болған екі жарылыстан 38 адам қаза тауып, 160-қа тарта адам жараланған.
Түркия армиясының хабарлауынша, топ жарылыс жауапкершілігін мойнына алғаннан бірнеше сағаттан соң түркиялық әскери ұшақтар Күрдістан жұмысшы партиясының Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағында орналасқан нысандарына шабуыл жасаған.
Парламенттегі екінші ірі оппозицияшыл топ - ХДП-ның бірнеше жетекшісі бұған дейін КЖП-мен байланысы бар деген күдікпен қамауға алынған.
КЖП-ны Түркия, АҚШ және Еуропа Одағы террористік ұйым деп таныған.