Accessibility links

Лукашенко Беларусь арнайы жасағын Ресейде қолдану заңын мақұлдады


Беларусь арнайы мақсаттағы жасағының жаттығуы (Көрнекі сурет).
Беларусь арнайы мақсаттағы жасағының жаттығуы (Көрнекі сурет).

Беларусь президенті Александр Лукашенко беларусь арнайы мақсаттағы жасағының Ресей территориясындағы терроризмге қарсы операцияларға қатысуына мүмкіндік беретін халықаралық келісім жобасын мақұлдады. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі аты-жөнін атамаған құжатқа сілтеме жасап хабарлады. Жобаға қатысты келіссөз жүргізу Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жүктелген.

Ресей мен Беларусь арасындағы әскери ынтымақтастық Одақтас мемлекет құру туралы келіссөз аясында және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен ТМД форматында іске асырылады.

Екі ел негізінен әскери-техникалық ынтымақтастықты, аймақтық қауіпсіздікті бірге қамтамасыз ету, беларусь әскерилерін Ресейдің әскери оқу орындарында даярлау мәселелерін реттейтін 30-дан астам келісім жасасқан.

XS
SM
MD
LG