Accessibility links

Алматылық белсендінің 15 тәулікке қамалғаны хабарланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматылық белсенді Алмат Жұмағұлов Facebook әлеуметтік желісінде шетелде тұрып жатқан белсенді Ермек Нарымбайдың "митингіге шығуға шақырған" жазбасын бөліскені үшін 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы Азаттыққа белсендінің туыстары хабарлады.

Туыстарының айтуынша, 43 жастағы Алмат Жұмағұловты әуелі Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген. Кейін сотта оған "бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзды" деген айып тағылып, 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарылған. Туыстары аппеляциялық сотқа арызданғанын айтады.

Алмат Жұмағұловтың Facebook-тегі парақшасында Нарымбаевтың "16 желтоқсанда митингіге шығуға шақырған" жазбасын бөліскені жөніндегі ақпарат жоқ. Туыстары полиция белсендіге ол жазбасын өшірткізгенін айтады.

Азаттыққа белсендінің қамалғаны туралы ақпаратты Алматының ауданаралық әкімшілік сотынан анықтау мүмкін болмады.

XS
SM
MD
LG