Accessibility links

Алматыда тәуелсіздік туралы заңға арналған ескерткіш тақта ашылды


Қазақстан тәуелсіздігі туралы заң қабылданған ғимаратқа орнатылған ескерткіш тақта. Алматы, 13 желтоқсан 2016 жыл (Сурет Алматы қалалық әкімдігінің ресми сайтынан алынды).
Қазақстан тәуелсіздігі туралы заң қабылданған ғимаратқа орнатылған ескерткіш тақта. Алматы, 13 желтоқсан 2016 жыл (Сурет Алматы қалалық әкімдігінің ресми сайтынан алынды).

Алматыда Қазақстан тәуелсіздігі туралы заңға арналған ескерткіш тақта ашылды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Ескерткіш тақта бұрынғы Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі орналасқан, қазіргі Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратына орнатылды. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заң 1991 жылы 16 желтоқсанда осы ғимаратта қабылданған.

Тақтаның ашылуына тарихи құжаттың қабылдануына куә болған Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің депутаттары мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, қла тұрғындары қатысқан.

XS
SM
MD
LG