Accessibility links

Астана тұтқындарды әлеуметтік бейімдеу стратегиясын бекітті


Қазақстандағы түрмелердің бірі (Көрнекі сурет).
Қазақстандағы түрмелердің бірі (Көрнекі сурет).

Қазақстан билігі тұтқыннан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік бейімдеудің 2017-2019 жылдарға арналған стратегиясын бекітті. Президенттің стратегияны бекіту туралы жарлығының мәтіні бүгін ресми БАҚ-та жарияланады.

Қазақстан президенті әкімшілігінің комментариінде бұл "кешенді стратегияның мақсаты - түрмеден босаған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру" екені айтылады. Стратегия міндеттерінің бірі - сотталғандарды "әлеуметтік қолдау жүйесін құру арқылы" әлеуметтік бейімдеу делінген.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 13 желтоқсанда тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңға қол қойған. Биліктің мәлімдеуінше, рақымшылыққа 28 мыңға тарта тұтқын ілінеді. Оның ішінде бір жарым мыңға тарта адам түрмеден босап, оның 80 пайызы пробация қызметнің бақылауына алынбақ.

XS
SM
MD
LG