Accessibility links

Назарбаев Нетаньяхумен экономика мен қауіпсіздікті талқылады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху. Астана, 14 желтоқсан 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху. Астана, 14 желтоқсан 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанаға ресми сапармен келген Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесті.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Назарбаев кездесуден соң Нетаньяхумен экономика, медицина және сауда саласындағы ынтымақтастықты, екі жақты инвестиция салу, терроризммен күрес мәселелерін талқылағанын айтты. Назарбаев сонымен қатар Қазақстан елдегі бірқатар медициналық клиникаларды израильдік мекемелердің басқаруына беру жайын қарастыруға дайын екенін білдірді.

Екі ел басшылары келіссөзден кейін визасыз режим орнату, авиациялық байланыс, ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнату, коррупцияға қарсы бірлесе іс-қимыл жасау және өзге де мәселелерге қатысты бірнеше құжатқа қол қойған.

Нетаньяху мен Назарбаев енді қазақ-израиль бизнес форумына қатысады.

Нетаньяху Израиль премьер-министрі ретінде Қазақстанға алғаш рет сапарлап отыр. Ол Астанаға келмес бұрын жолай Бакуге соғып, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен екіжақты қарым-қатынасты талқылаған.

XS
SM
MD
LG