Accessibility links

Трамп энергетика министрі қызметіне кандидатын ұсынды


Рик Перри, Дональд Трамп энергетика министрі қызметіне ұсынған кандидат.
Рик Перри, Дональд Трамп энергетика министрі қызметіне ұсынған кандидат.

АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамп Техастың экс-губернаторы Рик Перриді энергетика министрі қызметіне кандидат етіп ұсынды. Бұл туралы Трамптың мәлімдемесінде Перридің 2000-2015 жылдары губернатор болып тұрғанында "миллиондаған жаңа жұмыс орны ашылып, электр энергиясы бағасының арзандауына жағдай жасағаны" айтылады.

"Ол энергетика министрі ретінде бұл әдісін бүкіл елде пайдаланады" деді Трамп. Перри 2012 жылы Республикашыл партия атынан президенттікке түсуге үміткер болғанда осы энергетика министрлігін жоюды ұсынған еді.

66 жастағы Перри биыл да партия атынан президенттікке түсуден үміткер болған. Ол партия ішілік бәсекеден шығып қалған соң Техастан сайланған сенатор Тед Крузды қолдаған.

XS
SM
MD
LG