Accessibility links

Оралда қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтатылды


Оралда көшеде келе жатқан оқушылар. 15 желтоқсан 2016 жыл.

Орал мектептерінде бүгін қатты аяздан 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Оралда таңертең ауа температурасы -29 градусты көрсетіп тұрды.

"Қазгидромет" республикалық мекемесінің жергілікті филиалының бөлім бастығы Татьяна Шилингтің айтуынша, Оралда желтоқсанның ортасында мұндай ауа температурасы 1993 жылы тіркелген.

Синоптиктердің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында 18 желтоқсаннан бастап күн жылынады, аздап қар жауады.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG