Accessibility links

Еуропа Одағы елдерінің үкімет басшылары бүгін Брюссельде саммитке жиналып жатыр. Бір күндік саммитте Ресейге Украинадағы дағдарысқа киліккені үшін салынған санкцияны алты айға ұзарту жайы талқыланбақ.

ЕО елдері басшылары сонымен қатар ЕО мен Украина арасындағы саяси және экономикалық байланыс орнату келісімі де талқыланбақ.

ЕО елдері ішінде Нидерланд қана Украинамен келісімді әлі ратификацияламаған. Бұл ел "келісім Украинаның ЕО-ға кіруіне жол ашпай ма"деген мәселені нақтылап алғысы келеді.

ЕО елдері Сирия дағдарысына қатысты президент Башар Асад әскері мен оның одақтастарының Алеппоның шығысына шабуылын қатаң айыптайды деген болжам бар.

ЕО елдері сонымен қатар бейресми кешкі ас кезінде Ұлыбританияның одақтан шығу жолдарын талқыламақ. Бұл талқыға Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй қатыспайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG