Accessibility links

Тәжікстан ұлттық банкі жаңа мың сомонилық (тәжік валютасы) банкнотқа ел президенті Эмомали Рахмонның бейнесін басу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қазіргі валюта бағамы бойынша мың сомони 127 АҚШ долларына тең. Ұлттық банк баспасөз қызметі айналымға жаңа қағаз ақша енуі мүмкін екені туралы хабарды растады. Банк өкілдерінің айтуынша, мұндай идеяны Соғда облысы Исфара ауданында тұратын мектеп мұғалімі Хасанбой Асадов ұсынған.

Қазіргі кезде Тәжістанда ең ірі қағаз ақша - 100 сомони. Асадовтың Азаттыққа айтуынша, оның осыдан бір жылдай бұрын жасаған ұсынысына жақында банктен жауап келген, онда мұғалімнің идеясы қарастырылып жатқаны айтылған. Жақында Қазақстан ұлттық банкі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі басылған 10 мың теңгелік жаңа қағаз ақшаны желтоқсанның 1-інен бастап айналымға шығарған.

2015 жылы желтоқсанда Тәжікстанда қабылданған ұлт лидері туралы заң елдің қазіргі президенті Эмомали Рахмонды осы қызметте болған кезде атқарған кез-келген іс-әрекеті үшін заңмен қорғауға кепілдік береді. Аталған заңның мәтіні оған дейін Қазақстанда конституцияға енгізілген тұңғыш президент туралы ережеге ұқсайды. Түркіменстанда бұрынғы президент Сапармұрат Ниязовтың бейнесі 1993-2005 жылдар аралығында шығарылған ұлттық қағаз ақша мен монеталардың түгелге дерлігінде болған еді. 2006 жылы желтоқсанда Ниязов қайтыс болғаннан кейін манаттағы (түркімен валютасы) оның портретін тарихи тұлғалар суреттеріне алмастырды.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG