Accessibility links

Астаналық белсенді Махамбет Әбжан сағат кешкі тоғыздың шамасында бірқатар әлеуметтік желілердің ашылмай қалғанын айтады.

- Соңғы рет кешкі 20.00 кезінде Facebook желісіне кіргенімде интернеттің баяулап қалғанын байқағанмын. Ал жаңа 21.00 шамасында кіріп қарасам, Facebook-қа қоса Instagram және YouTube желілері ашылмай тұр. «Интернет байланысы жоқ» деген жазу шығады. Twitter желісі әзір істеп тұр. Мүмкін биліктің ертеңгі 17 желтоқсан күніне дайындығы шығар. Жалпы Қазақстанда сайттарды блоктау болып тұрады, - дейді белсенді Махамбет Әбжан.

"Ақ жебе" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұт Насибулов та интернеттегі кейбір сайттардың ашылмай тұрғанын растады.

- Ұялы телефонымнан кірсем, "ВКонтакте" әлеуметтік желісі ғана баяу істеп тұр. Қалғаны ашылмайды. Күндіз әлеуметтік желілер ашылып тұрған еді, - дейді астаналық белсенді Мақсұт Насибулов.

16 желтоқсан күні кешке қарай ондаған интернет қолданушысы әлеуметтік желілердің ашылмай тұрғаны туралы постар жариялай бастады.

Азаттықтың Астана және Алматы бюроларында да YouTube, Facebook, Instargam әлеуметтік желілері және Gmail поштасы ашылмай тұр. Azattyq.org сайтының өзі ашылғанмен, Google браузерінде "сайтқа кіру мүмкін болмай тұр" (не удается доступ к сайту- ред.) деген жазудан басқа ештеңе көрінбейді.

Қазақстанда соңғы жылдары танымал әлеуметтік желілер бірнеше мәрте аз уақытқа бұғатталған еді. Елдегі негізгі провайдер "Қазақтелеком" компаниясы бұл құбылысты "жекелеген компьютерлік желілердің ішкі техникалық ақауы" деп түсіндіруден танбай келеді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG