Accessibility links

Сириядағы Алеппо қаласынан бейбіт тұрғындар мен қаруын тапсырған көтерілісшілерді эвакуциялау тоқтап қалды деп хабарлады Қызыл Крест халықаралық ұйымының Таяу Шығыстағы басқармасының жетекшісі Робер Мардини.

Сирия үкіметі оппозиция күштері жаралыларды әкетіп бара жатқан автокеруенге оқ атты деп мәлімдеп, жұма күні эвакуацияы тоқтатқан. Өз кезегінде көтерілісшілер бітімді бұзды деп Дамаскіні айыптаған.

Қызыл Крест ұйымының мәліметтері бойынша Алеппода эвакуацияны күтіп отырған ондаған мың адам бар. Ресей әскерилері көтерілісшілер эвакуацияны аяқтады деп хабарлаған. Сирияда бір-бірімен соғысып жатқан тараптарды татуластыру жөніндегі ресейлік орталықтың есебі бойынша, екі тәулік ішінде 9 мыңнан астам шығарылған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Алепподағы жағдайға байланысты шұғыл отырысын өткізбекші. Франция гуманитарлық көмек жеткізу мен эвакуация жағдайына мониторинг жүргізу үшін Сирияға халықаралық бақылаушылар жіберуді талап еткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG