Accessibility links

Түркияда әскерилер отырған автобус жарылды


Автобус жарылысы болған жер. Кайсери, 17 желтоқсан 2016 жыл.
Автобус жарылысы болған жер. Кайсери, 17 желтоқсан 2016 жыл.

Түркияның орталық аймағындағы Кайсери қаласынан әскерилер отырған автобуста жарылыс болған. Түркия билігі жарылыс салдарынан 13 адам қаза тауып, 48 адамның жараланғаны туралы хабарлады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер арасында әскерилермен бірге жай адамдар да болуы мүмкін.

Түрік телеарналары өртенген автобустың қаңқасын көрсетті. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, автобус жарылғыш зат салынған көліктің қасынан өтіп бара жатқанда жарылыс болған. Оқиға жергілікті университет іргесіндегі аялдаманың тұсында болған.

Соңғы бірнеше айда Түркияның ірі қалаларында бірнеше жарылыс болды.

Осыдан бір апта бұрын Стамбулда болған екі жарылыстан 40-тан астам адам қаза тапқан. Жарылыстар үшін жауапкершілікті «Күрдістанның азаттық қырғилары» деп аталатын топ өзіне алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG