Сирияда бейбіт тұрғындарды эвакуациялау туралы жаңа уағдаластық жасалды деп хабарлайды Wall Street Journal басылымы. Алепподан қарулы оппозиция өкілдерін де шығару жалғаспақшы. Жұма күні шиит жасағы Идлиб провинцияындағы екі ауылда құрсауда қалған жолдастарын да шығаруды талап етіп, Алепподағы эвакуацияға бөгет қойған.
Алеппоның шығыс бөлігінен адамдарды эвакуациялау желтоқсанның 16-сы күні тоқтап қалған еді. Телеарналар көрсеткен кадрларда қаладан бейбіт адамдар шығып жатқан кезде қарудан атқан дыбыстар естілген. Сириялық Араб Қызыл Жарты Ай ұйымы және халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдері қауіпті аймақтан жедел жәрдем көліктері мен автобустарды әкетуге мәжбүр болған.
Жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жабық отырысы өтті. Оның қорытындысы туралы айтқан БҰҰ-дағы АҚШ өкілі Саманта Пауэрдің сөзінше, Алеппо қаласынан тұрғындарды эвакуациялау барысын қадағалау үшін ол жаққа халықаралық бақылаушылар апару туралы Францияның ұсынысына АҚШ қолдау білдірген.