Accessibility links

Қазақстандық Никиша шорт-тректен әлем кубогында күміс алды


Денис Никиша (сол жақта).
Денис Никиша (сол жақта).

Бүгін Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында шорт-тректен әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Бұл кезеңде қазақстандық Денис Никиша 500 метрге жүгіруде күміс медаль алды. Алтынды қытайлық Ву Дажинг, қоланы оңтүстік кореялық Хан Сионг Соу иеленді.

17 желтоқсанда Кангвондағы кезеңде 1000 метрлік жарыста Нұрберген Жұмағазиев алтын алған. Бірақ ол бүгін 1000 метрге жүгіруде финалға өте алмады.

Қазақстан шорт-трек құрамасы енді 29 қаңтар-8 ақпанда Алматыда өтетін Қысқы универсиадаға қатысады.

XS
SM
MD
LG