Accessibility links

Йемендегі жарылыстан ондаған әскери қаза тапқан


Әуе соққысынан қираған ғимараттың жанынан өтіп бара жатқан адамдар. Сана, Йемен, қараша, 2016 жыл.
Әуе соққысынан қираған ғимараттың жанынан өтіп бара жатқан адамдар. Сана, Йемен, қараша, 2016 жыл.

Бүгін Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласында Хор Маскар ауданындағы әскери база жанында жанкешті жасаған жарылыс салдарынан кемінде 30 адам мерт болған. Ресми мәлімет бойынша, әскерилер жалақы алу үшін касса алдында кезекте тұрған кезде жарылыс жасалған деп хабарлайды Reuters.

Бір апта бұрын осы қалада жихадшылар шабуылынан 50 адам өлген. Йеменде 2014 жылғы тамыз айынан бері үкімет күштері мен хусит көтерілісшілері арасында қарулы жанжал жалғасып келеді. 2015 жылы хусит көтерілісшілері ел астанасы Сана қаласын басып алып, елді басқаратын «революциялық кеңес» құрған. Халықаралық қауымдастық Мұхаммед Әли әл-Хуси жетекшілік ететін бұл кеңесті мойындаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG