Accessibility links

Абаев: Әлеуметтік желіні бұғаттаудың Әблязовпен байланысы жоқ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанда 16 желтоқсанда әлеуметтік желілердің ашылмай қалуы оппозицияшыл саясаткер Мұхтар Әблязовтің сұхбат беруімен байланысты емес деп мәлімдеді.

16 желтоқсан - Қазақстан тәуелсіздігі күні Мұхтар Әблязов Киевтен басқарылатын "Бәсе" сайтында тікелей эфирде сұхбат берген. Бұл сұхбаттан бірер сағат бұрын және одан кейін де Қазақстанда бірқатар әлеуметтік желілер, оның ішінде Facebook пен YouTube ашылмай қалған.

"Мұның Әблязовтің сұхбатымен байланысы жоқ. Бұл - телекоммуникация желілеріндегі техникалық ақау. Мұндай нәрселер қайталанып тұрады. Мен бұл жағдай 16 желтоқсанмен тұспа-тұс келіп қалғандықтан резонанс тудырды деп білем" деген Абаев бүгін үкімет отырысынан соң әлеуметтік желілердің ашылмай қалу себебі туралы сауалға.

Қазақстанда соңғы жылдары танымал әлеуметтік желілер бірнеше мәрте аз уақытқа бұғатталған еді. Елдегі негізгі провайдер "Қазақтелеком" компаниясы бұл құбылысты "жекелеген компьютерлік желілердің ішкі техникалық ақауы" деп түсіндіруден танбай келеді.

XS
SM
MD
LG