Бүгін Мәскеудегі пәтерінде экс-ресейлік дипломат өлі күйінде табылғаны хабарланды. Мәскеу полициясы 20 желтоқсан түнде Балаклава көшесіндегі пәтерде оқ тиген ер адамның денесі табылғанын мәлімдеді.
Ал ресейлік басылымдар ішкі істер министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап, мерт болған сыртқы істер министрлігі Латын Америка департаментін басқарған Петр Польшиков екенін хабарлады. Басылымдардың жазуынша, 56 жастағы Польшиков министрліктен кеткеннен кейін еш жерде жұмыс істемеген.
Министрлік ресми түрде бұл оқиғаға қатысты ақпарат таратқан жоқ.