Accessibility links

Ресей елшісінің мәйіті Анкарадан Мәскеуге жөнелтілді


Қастандық құрбаны болған Ресей елшісі Андрей Карловпен қоштасу рәсімі. Анкара, 20 желтоқсан 2016 жыл.
Қастандық құрбаны болған Ресей елшісі Андрей Карловпен қоштасу рәсімі. Анкара, 20 желтоқсан 2016 жыл.

Анкарада қастандықтан қаза тапқан Ресей елшісі Андрей Карловтың денесі Мәскеуге жөнелтілді. Кеше Анкараның Эсенбога әуежайында марқұммен қоштасу рәсімі өтті. Қаралы жиынға марқұмның жесірі Марина Карлова, Ресей елшілігінің өкілдері, Түркия мен билігінің өкілдері мен шетелдік дипломаттар қатысты.

20 желтоқсанда Анкараға қастандықты тергеуге қатысатын ресейлік мамандар барған.

Түркия билігі қастандыққа күдікті алты адам, оның ішінде дипломатты атқан бұрынғы полицей Мевлют Алтынташтың әкесі, анасы, әпкесі мен тағы екі туысының ұсталғанын хабарлады. Алтынташтың өзі шабуыл болған орын - өнер галереясында болған арнайы операцияда оққа ұшқан. Hurriyet газетінің хабарлауынша, полиция галереяны қоршауға алып, басып кіргенде Алтынташ дәрігерлерді жараланған елшіге кіргізбей тұрған. Бірнеше рет оқ тиген дипломат ұзамай көз жұмған.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Анкарадағы Ресей елшілігі орналасқан көше Андрей Карловтың атымен аталатынын мәлімдеді.

Түркия мен Ресей Андрей дипломатқа қастандық ел арасында таяуда ғана қалпына келе бастаған қарым-қатынасты бұзу үшін жасалған дейді.

XS
SM
MD
LG