Accessibility links

АҚШ тағы бірнеше ресейлікке санкция салды


Евгений Пригожин, Кремльге Кейтеринг қызметін көрсететін "Конкорд кейтеринг" компаниясының директоры.

АҚШ Мәскеудің Украинадағы саясатына жауап ретінде санкция салған ресейліктер тізімін ұзартты. АҚШ қаржы министрлігінің 20 желтоқсанда жариялаған санкция салынғандар тізімінде Ресейдің сегіз азаматы, Ресей мен Қырымдағы 30-дан астам компания бар. Тізімге жаңадан ілінгендер арасында ресторатор, Ресей президенті Владимир Путиннің "бас аспазшысы" ретінде белгілі Евгений Пригожиннің аты аталады.

Санкт-петербургтік бизнесмен Евгений Пригожиннің "Конкорд Кейтеринг" компаниясы Кремльге кейтеринг қызметін көрсетеді. Пригожиннің сонымен қатар Санкт-Петербургте жасырын комментарий жариялайтын "тролльдер фабрикасымен" байланысы бар делінеді. Ақпарат агенттіктерінде, әлеуметтік желілер мен блогтарда жасырын комментарийлер жариялайтын мұндай желі Кремльдің саясатын қолдап, Ресей режимін сынайтындарға қарсы тұрады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG