Accessibility links

Түркіменстан Қазақстанмен шекарада қауіпсіздікті күшейтті


Қазақстанның Түркіменстанмен арадағы "Темір баба" кеден бекеті (Көрнекі сурет).
Қазақстанның Түркіменстанмен арадағы "Темір баба" кеден бекеті (Көрнекі сурет).

Түркіменстан елге Қазақстанның шекаралас аймақтары тұрғындарының жеңілдетілген тәртіппен кіруін уақытша тоқтатты деп хабарлайды Маңғыстау облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі.

Түркіменстанмен шекарада қауіпсіздік шараларының не себепті күшейтілгені айтылмайды. Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қабылданған шаралар бірнеше күн бойы күшінде болады.

Қазақстан-түркіменстан шекарасында көлік өткізетін "Темір-баба" пункті және "Болашақ" теміржол бекеті бар.

Екі жақты келісім бойынша, Атырау, Маңғыстау облыстарында тұратын Қазақстан азаматтары Түркіменстанның Балкан уәлаятының территориясында визасыз бес күн бойы бола алады.

XS
SM
MD
LG