Accessibility links

ҰҚК: Радикалдық ұйымның күдікті бірнеше мүшесі ұсталды


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты, Астана (Көрнекі сурет).
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан ҰҚК бүгін ел аумағында "Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни-экстремистік ұйымының бөлімшелерін жою операциялары" барысында 16 адам ұсталғанын хабарлады. ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы операция Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Алматы қаласында жүргізіліп жатыр. 16 адам "алауыздық тудырды және тыйым салынған ұйым қызметіне араласты" деген күдікпен ұсталып, ҰҚК-нің территориялық органдарына жеткізілген. Қазір олардың тұратын жерлеріне тінту мен басқа да тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Арнайы қызмет хабарламасында "Ат-Такфир уаль-Хиджра" мүшелерінің "Сирия мен Ирактағы содырлардың әрекетін қуаттайтыны" және "зайырлы мемлекет ұстындарына қарсы" екені айтылған.

ҰҚК операциялар барысы мен тергеу шаралары туралы хабарлайтынын ғана айтып, өзге егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.

Қазақстанда "Ат-такфир уаль-Хиджра" ұйымына 2014 жылы тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG