Accessibility links

"Әділ сөз": Қазақстанда биыл сөз бостандығына қатысты қудалау күшейді


Тамара Калеева, "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі. Алматы, 21 желтоқсан 2016 жыл.
Тамара Калеева, "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі. Алматы, 21 желтоқсан 2016 жыл.

Қазақстанда 2016 жылы сөз бостандығымен байланысты қылмыстық қудалау күрт көбейді деп хабарлады "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы. Алматыда 2016 жылдың 11 айындағы сөз бостандығына қатысты есебін жариялаған ұйымның мәліметінше, қаңтар-қараша айларында сөз бостандығына қатысты 87 айыптау мен қылмыстық жолмен қудалау фактісі, БАҚ пен журналистерге азаматтық-құқықтық негізде 84 талап-арыз білдіру фактісі тіркелді. 2015 жылы бұл көрсеткіш 77, 2014 жылы 38 болған.

"Әділ сөз" ұйымының жетекшісі Тамара Калееваның айтуынша, биыл қаңтар-қараша айларында журналистердің кәсіби қызметін атқаруына 90 рет кедергі келтіріліп, интернет басылымдарды негізсіз бұғаттау мен оларға кіруді шектеудің 33 фактісі тіркелген.

Сөз бостандығына қатысты қылмыстық тәртіпте 95 айып тағу мен қудалау әрекеті болған. Мұның қатарында "жала жабу" бабы бойынша 49 айып тағылып, оның 4-еуі бойынша айыптау үкімі шыққан. "Көпе-көрінеу жалған ақпар тарату" бабы бойынша 12 іс қозғалып, оның 2-еуі бойынша айыптау үкімі шыққан. "Әлеуметтік, ұлтаралық және діни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша 12 айып тағылып, оның 4-еуі бойынша айыптау үкімі шыққан.

XS
SM
MD
LG