Accessibility links

Ердоған: Елшіні өлтірген адам Гүленнің жақтасы болған


Режеп Ердоған, Түркия президенті.
Режеп Ердоған, Түркия президенті.

Түркия президенті Режеп Ердоған Анкарада Ресей елшісі Андрей Карловты атып өлтірген түрік полицейі мұсылман діни қайраткері Фетхулла Гүлен ұйымының "мүшесі болғанын" мәлімдеді.

"Оның Гүлен құрған желінің мүшесі болғанын жасыруға еш негіз жоқ. Оның оқыған жерінен басталған барлық байланысы Гүлен ұйымына барып тіреледі" деді Ердоған баспасөз конференциясында.

Түркия билігі АҚШ-та тұратын Фетхулла Гүленнің жақтастарын "Фетхулланың террористік ұйымының" (немесе FETO) мүшелері деп атайды.

Бұған дейін түркиялық ақпарат құралдары Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу 20 желтоқсанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефонмен сөйлескенінде оған "Түркия мен Ресей қастандықтың артында FETO тұрғанын біледі" деп айтқанын хабарлаған.

Гүленнің өзі дипломатқа қастандықты айыптап, шабуылды "жексұрындықпен жасалған теракт" деп атаған.

Андрей Карлов 19 желтоқсанда Анкарада өнер көрсесіне сөйлеп тұрғанында көрмеге күзетші кейпінде кірген 22 жастағы Мевлют Мерт Алтынташ есімді адам ту сыртынан бірнеше рет атып жаралаған. Елші ұзамай жарақатынан көз жұмды. Бұрын полицияда қызмет істеген Алтынташтың өзі полициямен атыста оққа ұшты.

XS
SM
MD
LG