Accessibility links

Шымкенттегі дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілді


Шымкенттегі дендросаябақ (Сурет Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды).

Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаладағы дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімін беру туралы шешім шықты.

"Шымкент қалалық мәслихатының он бірінші сессиясында дендросаябаққа қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың атын беру мәселесі бірауыздан оң шешімін тапты" деп хабарлады Азаттыққа қала әкімінің баспасөз қызметі.

Асанбай Асқаров 1978 жылдан 1985 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы обком партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшының тұсында қалада көптеген әлеуметтік құрылыстар жүріп, шағынаудандар салынған.

Әкімдіктің баспасөз хабарламасында "Облыс орталығында көпшіліктің көз қуанышына айналған дендросаябақ та Асқаровтың тікелей атсалысуымен халық игілігіне берілген" делінген.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG