Accessibility links

Назарбаев Астанада Роуханимен кездесті


Иран президенті Хассан Роухани Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде. Астана, 22 желтоқсан 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Иран президенті Хассан Роуханимен кездесіп, инвестиция, сауда, экономика, транзит, транспорт және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара әрекеттестік мәселелерін талқылады.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев кездесуде Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері Иранға қатысты саясат өзгермегенін, қазір ынтымақтастықты стратегиялық деңгейге шығару уақыты келгенін айтты.

Назарбаев Иранға салынған халықаралық экономикалық санкциялардың жойылуына Хассан Роуханидің еңбегі сіңгенін айтты.

Роухани Назарбаевты Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, Иран Қазақстанмен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға көп көңіл бөлетінін білдірді.

"Біздің саясатымыз барлық жақын елдермен тату көрші ретіндегі қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған" деді Роухани.

Екі ел басшылары Роуханидің сапары Қазақстан-Иран ынтымақтастығына жаңа серпін беретінінен үмітті екенін білдірді.

Хассан Роухани Астанаға ресми сапармен кеше кешке келген. Сапарының алдында ол Еерванға барып, Армения президенті Серж Саргсян және премьер-министрі Карен Карапетянмен кездескен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG