Accessibility links

Мәскеуде "ИМ-ге қосылмақ болған" бұрынғы студент сотталды


Варвара Караулова сотта отыр. Мәскеу, 22 желтоқсан 2016 жыл.
Варвара Караулова сотта отыр. Мәскеу, 22 желтоқсан 2016 жыл.

Мәскеудің округтік әскери соты бұрынғы студент Варвара Караулованы тыйым салынған "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қосылмақ болды деген айыппен төрт жарым жылға соттады деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясы. Жаза мерзімі 2015 жылдың 27 қазанынан есептеледі. Сот үкімі 22 желтоқсанда жарияланды.

Караулованың адвокаты Сергей Бадамшин үкімді "тым қатаң" деп бағалап, оған апелляциялық шағым берді.

Сот материалы бойынша, Мәскеу мемлекеттік университетінің бұрынғы студенті, 21 жастағы Варвара Караулова біраз уақыт әлеуметтік желіде ИМ содыры делінген адаммен хат жазысып, "Сирияға бару және терроризмді ақтау ниеті барын" білдірген.

Соттың жарыссөзінде прокурор Караулованы бес жылға соттауды сұраған. Жарыссөзде Караулова соттан өзіне кешірімділік танытуды сұраған еді. Ол ИМ мүшесімен "содыр ретінде емес, ұнатқан адамы ретінде хат жазысқанын" айтқан.

Варвара Караулова былтыр 4 маусымда Ресейдің - 13, Әзербайжанның төрт азаматымен бірге Түркиядан Сирияға қарай өтіп бара жатқанда ұсталған. Ал 23 шілдеде Ресей тергеу комитеті Караулованың экстремистік топтың жұмысына қатысуына және топ құрамына кіруіне қатысты тергеу аяқталғанын, оның үстінен қылмыстық іс қозғалмайтынын мәлімдеген еді. Былтыр қазанда ол "елге оралған соң да қызметіне тыйым салынған экстремистік топ мүшелерімен қайта байланыса бастаған" деген уәжбен қайта қамалған.

XS
SM
MD
LG