Accessibility links

Путин АҚШ-тың Демократиялық партиясын сынады


Ресей президенті Владимир Путин баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. Мәскеу, 23 желтоқсан 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. Мәскеу, 23 желтоқсан 2016 жыл.

"АҚШ-тың қазіргі басшылығы барлық сәтсіздігін сыртқы факторларға жаба салғысы келеді" деп мәлімдеді бүгін Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз конференциясында.

АҚШ Демократиялық партиясының сайттарына жасалған хакерлік шабуыл туралы сауалға жауап берген Путин шабуылды Ресейдің жасағанын растап, я жоққа шығармады. Дегенмен ол шабуылдарды шабуылдың кім жасағаны емес, WikeLeaks сайтына салынған ақпарат маңызды екенін айтты. АҚШ билігі хакерлік шабуылдарды Ресей ұйымдастырды деп санайды.

"Демократтар сенатқа сайлауда да жеңілді, сонда мұны да біз жасадық па?" деді Путин. Ол сауалнама нәтижесі бойынша "АҚШ-тағы республикашыл сайлаушылардың көпшілігінің өз саясатын қолдағанын", бұл ресейліктер мен америкалықтардың әлемнің құрылымы туралы көзқарастары ұқсайтынын көрсететінін айтты.

Ресей президенті сонымен қатар АҚШ Демократиялық партиясын сынап, сайлаушыларды қандай да бір кандидатқа дауыс бермеуге шақырудың ұлтты бөлудің бастамасы екенін айтты.

Путин сөзінің соңында АҚШ-тың жаңа басшылығымен "іскерлік, конструктивті" қарым-қатынас орнатуды қолдайтынын білдірді.

XS
SM
MD
LG