Accessibility links

Бүгін әлемдегі түрлі конфессиядағы христиандар Григориан күнтізбесі бойынша Рождество мерекесін тойлап жатыр.

Мереке қарсаңында, желтоқсанның 24-і күні Рим папасы Франциск Ватикандағы қасиетті Петр шіркеуінде мерекелік діни рәсім - месса кезінде әлемдегі 1,2 миллиард католикке арналған үндеуінде Рождество "материализм тұтқынына" айналып отырғанын айтып, барша жұртты қасиетті мереке кезінде қанағатшылдық пен тәубаға келуге шақырды.

Франциск әлемде қайғы-қасірет шегіп отырған балалар, аштық азабын тартқан жандар мен Еуропаға барар жолда көптеген қауіп-қатерге басын тігуге мәжбүр мигранттар, Сирияның Алеппо қаласы тәрізді жерлерде соғыс сұмдығын басынан өткергендер туралы да айтты.

Қасиетті Петр шіркеуіндегі биылғы месса кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Шіркеу ішіндегі 10 мың адамға қоса сырттағы алаңға жиналған мыңдаған адам үлкен телеэкраннан понтификтің уағызын тыңдады.

Жексенбі күні Рим папасы Франциск әлемге дәстүрлі жолдауын арнайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG