Accessibility links

Теңізге құлаған ұшақ жолаушыларының жеке заттары табылған


Қара теңіз. (Көрнекі сурет.)
Қара теңіз. (Көрнекі сурет.)

Ресейде апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағының сынықтары мен жолаушылардың жеке заттары теңізден, жағалаудан 15 шақырымға дейінгі қашықтықта табылған деп хабарлаған "Интерфакс" агенттігіне төтенше қызметтегі дереккөзі.

"Адлер қаласының аэродромынан жоспарға сәйкес ұшып шыққан Ту-154 ұшағы Мәскеу уақытымен сағат 5.40 кезінде радиолокациялық радарлардан көрінбей кеткен. Ұшақта 83 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған" деп хабарлаған Ресей қорғаныс министрлігі.

Министрлік ұшақта ресейлік әскери қызметкерлер мен "Хмеймим" әуе базасындағы Ресей әуе-ғарыш күштері тобын жаңа жыл мерекесімен құттықтауға бара жатқан Александров атындағы ән-би әскери ансамблі әртістері және ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының 9 журналисі болғанын растаған. Теңізге құлаған ұшақта ресейлік бірінші телеарнаның үш журналисі, НТВ арнасының түсірілім тобы мен "Звезда" телеарнасының үш қызметкері болған.

Төтенше қызметтегі дереккөзі "Интерфакс" агенттігіне ұшақ құлаған аймақтан құтқарушылар апаттан тірі қалған ешкімді таба алмағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG