Accessibility links

Дағыстанда қарулы шабуылдан екі адам қаза тапқан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей құрамындағы Дағыстан республикасында желтоқсанның 25-іне қараған түні полиция қызметкерлеріне екі шабуыл жасалған. Махачкала-Каспийск тасжолы бойында шабуылдаушылар патрульге оқ атып, екі полиция өкілі қаза тапқан.

Екінші шабуыл сәл кейінірек Кызылюрт кентіне кіреберісте жасалған. Бұл оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер туралы әзірше ақпарат жоқ. Екі жолы да белгісіз қылмыскерлер із жасырып үлгерген, оларды іздеу жалғасып жатыр деп хабарлайды "Интерфакс".

Өткен аптада, желтоқсанның 17-і күні Шешенстан астанасы Грозныйда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалып, төрт құқық қызметкері қаза болған еді. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қылмысқа күдікті жеті адамның көзі жойылғаны туралы мәлімдеген. Ол шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG