Accessibility links

Назарбаев ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты


Қара теңіздегі құтқару операциясы. Ресей, 25 желтоқсан 2016 жыл.
Қара теңіздегі құтқару операциясы. Ресей, 25 желтоқсан 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ресейлік Ту-154 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтып жеделхат жолдады деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Жеделхатта Ресей қорғаныс министрлігі ұшағының Сочи қаласы маңында апатқа ұшырауы салдарынан Ресей азаматтарының қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан президенті зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып Қазақстан халқының және жеке өз атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, барша Ресей халқына көңіл айтты» делінген Ақорда хабарламасында.

Сенбі күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласына барған Назарбаев сонда Путинмен кездеседі деп жоспарланған. Екі ел президенттері Еуразия экономикалық одағы жоғары кеңесі отырысына және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына қатысады.

XS
SM
MD
LG