Қазақстан ресейлік "Уральские авиалинии" компаниясына өз аумағында ұшақ ұшыруға келісім берді деп хабарлады Ресей көлік министрлігі.
Ресей министрлігі Қазақстан азаматтық авиациясы комитетінен алған хатта "Жуковский-Астана және Жуковский-Алматы бағыттарында аптасына жеті рейс орындалатыны жазылғанын" айтты.
Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті бұл жаңалыққа қатысты мәлімдемесін кейінірек жариялайтындарын хабарлады.