Accessibility links

Донбаста сепаратистер екі тұтқын әйелді босатты


Светлодарск қаласы түбінде жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, 19 желтоқсан 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Светлодарск қаласы түбінде жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, 19 желтоқсан 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасының" өкілдері украиналық "Офицер корпусы" тұтқындарды босату орталығының жетекшісі Владимир Рубанға Анжелика Пресняков пен Ольга Своракты тапсырды. Тұтқындарды табыстау Донецк қаласы мен Макеевка елді мекені арасында болды.

Сепаратистердің 26 желтоқсанда жариялаған мәлімдемесінде олардың екі тұтқын әйелді "Украина халқының өкілі" Надежда Савченкоға ізгілік көрсетуі ретінде табыстауға дайын екені айтылған.

Анжелика Преснякова - Донецк облыстық апелляциялық соты мен Новоазовск аудандық сотының бұрынғы судьясы. Оның тұтқынға қалай түскені белгісіз. Ольга Сворак - Ивано-Франковскідегі "Голос-инфо" басылымының журналисі. Сепаратистер оны 2016 жылы шілдеде ұстап, тыңшылық жасады деп айыптаған.

Ал Киев Украина жақын уақытта ізгі ниет білдіру белгісі ретінде 15 сепаратист - алты әйел мен тоғыз ауыр науқасты босататынын мәлімдеді. Украина қауіпсіздік қызметінің төрағасы Василий Грицактің айтуынша, мұндай қадам "Донецк халық республикасы" және "Луганск халық республикасымен" тұтқын алмасу процесін жеделдету үшін жасалып отыр.

XS
SM
MD
LG