Accessibility links

Америкалық актриса Кэрри Фишер қайтыс болды


Кэрри Фишер, америкалық актриса
Кэрри Фишер, америкалық актриса

Америкалық актриса, "Жұлдызды соғыс" киносериалындағы ханшайым Леяның рөлін ойнап танымал болған Кэрри Фишер 60 жасында ауруханада жүрек талмасынан қайтыс болды.

Актриса 23 желтоқсан күні Атлант мұхитының үстінен ұшып бара жатқанда жүрек талмасы ұстап, ұшақтан бірден ауруханаға жатқызылған. Отбасы Фишердің 27 желтоқсанда көз жұмғанын хабарлады.

"Билли Лурдтың сүйікті анасы Кэрри Фишердің қайтыс болғанын растағанын қайғыра хабарлаймыз. Оны бүкіл әлем жақсы көретін, енді оның жоқтығы қатты білінеді" делінген актрисаның отбасы атынан хабарлаған Симон Холстың мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG