Accessibility links

Ресей мен Түркия Сирияда бітім орнату келісімі жобасын даярлады


Түркия, Ресей және Иран сыртқы істер министрлері (солдан оңға қарай) Мевлют Чавушоглу, Сергей Лавров және Мохаммад Жавад Зариф. Мәскеу, желтоқсан 2016 жыл.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың мәлімдеуінше, Анкара мен Мәскеу Сириядағы қақтығысты тоқтату туралы келісім жобасын дайындады. Чавушоглу қақтығысты саяси жолмен шешуді қарастыратын құжаттың дайын екенін және оның кез-келген уақытта күшіне енуі мүмкін екенін айтты. Министр террористік ұйымдар бейбіт процеске қатыстырылмайтынын айтады.

Бұған дейін Anadolu агенттігі Сириядағы қақтығысты тоқтату туралы келісім жергілікті уақыт бойынша 29 желтоқсанға қараған түні күшіне енуі тиіс екенін хабарлаған. Агенттіктің мәлметінше, келісім жобасында Ресей мен Түркияның осы айда Алеппода орнатқан бітімін Сирияның барлық территориясында орнату жоспары бар.

Кремльдің баспасөз хатшысы агенттіктің ақпаратына қатысты комментарий бере алмайтынын мәлімдеді. Ол бұған қатысты ақпараты жеткіліксіз екенін, Ресей билігі Сирия бойынша бейбіт келіссөзді Астанада өткізу үшін Түркия тарапымен үнемі байланыста екенін айтты. Сирия үкіметі әзірге келісім туралы ақпаратқа комментарий бермеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG