Accessibility links

Керри БҰҰ-ның Израиль қоныстары бойынша қарарын қолдады


Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Израильден Иерусалимнің шығысында еврей қоныстарын салуын доғаруды талап еткен қарарын қолдады. Ол екі мемлекет құруды палестиндіктер мен Израиль арасында бейбіт келісім орнатудың маңызды шарты деп атады.

Керри бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі мен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетануьяху үкіметі арасындағы келіспеушілік күшейіп бара жатқан тұста айтты. Өткен аптада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ Египет ұсынған қарар жобасына дауыс беруде қалыс қалған соң Израиль АҚШ-ты сынаған.

"БҰҰ-дағы дауыс беру екі мемлекет құру шартын орындауға және Израильдің болашақ еврей мемлекеті және көршілерімен бейбіт тұратын демократиялық ел болатынына кепілдік беруге қатысты" деді Керри 28 желтоқснада АҚШ мемлекеттік департаментінде.

АҚШ ұзақ жылдардан бері алғаш рет Израильге қарсы қабылданған құжатқа вето қойған жоқ. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына қатысты АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп "өз инаугурациясынан кейін барлығы басқаша болатыны" туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG