Accessibility links

ІІМ: Полиция қызметкерлері енді арнайы таяқ ұстамайды


Полиция қызметкері (Көрнекі сурет).
Полиция қызметкері (Көрнекі сурет).

Қазақстанда полиция қызметкерлері 1 қаңтардан бастап көлікті тоқтату үшін арнайы таяқ (жезл) қолданбайтын болды деп хабарлады ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі.

Министрлік мәліметінше, енді полицейлер көліктерді қолымен ишара жасап және ысқырықпен, я қызметтік көлігіне орнатылған арнайы дыбыс және жарық сигналдарын қолдану арқылы тоқтатады.

ІІМ бұл өзгерістің Қазақстанда құқық қорғау органдарын модернизациялау аясында жасалып отырғанын, Еуропаның бірқатар елдерінде арнайы таяқ қолданылмайтынын айтады. Жолда жүру ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамера, ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылмақ.

XS
SM
MD
LG