Accessibility links

Delta Bank кейбір банктік операцияларды жүргізуге қайта рұқсат алды


Алматыдағы ұлттық банк ғимараты (Көрнекі сурет).
Алматыдағы ұлттық банк ғимараты (Көрнекі сурет).

Қазақстан Ұлттық банкі Delta Bank-ке бірқатар банктік және басқа да операцияларды жүргізуіне, құнды қағаздар нарығында жұмыс істеуіне қайтадан рұқсат берді. Банк енді жеке тұлғаларға депозит, есепшот аша алады.

Ұлттық банктің ақпаратына қарағанда, Delta Bank-тің лицензиясын қайтару туралы қаулы бүгін қабылданған. Ұлттық банк Delta Bank бұған дейін активтерінің сапасын жақсартып, қауіп-қатерді басқару және банкті ішкі қадағалау жүйесін жетілдіретін бірқатар шараларды жасағаны туралы құжаттарын жібергенін айтады. Ұлттық банк осы құжаттарды қарап және банк акционерлерінің банкті қайтадан капиталдандыру туралы алған міндеттемесін ескеріп оған лицензиясын қайтарған.

Бұған дейін Ұлттық банк қарашадан бастап "Қазинвестбанк" пен Delta Bank-тің жеке тұлғалардан депозитіне қаржы қабылдау және есепшот ашу лицензиясын үш айға тоқтатқанын хабарлаған еді. Ұлттық банк лицензия аталған банктердің банк заңнамаларын бұзғаны үшін және банктегі ішкі қадағалау жүйесін жақсарту қажеттігінен тоқтатылғанын мәлімдеген.

Ал 27 желтоқсанда "Қазинвестбанктің" банктік және басқа да операциялар жасау, құнды қағаздар нарығында жұмыс істеу лицензиясы тоқтатылған.

Қазақстанда коммерциялық 34 банк бар.

XS
SM
MD
LG