Ресейдің арктикалық аймақтарында бұғы өсіру ертеден дәстүрлі шаруашылық саналады. Жергілікті тұрғындар бұғыны еті мен терісі үшін және мініс көлігі ретінде пайдаланады. «Осы шақ» бағдарламасының фотогалереясы бұғы өсірушілердің тыныс-тіршілігіне арналады.
Бұғы шаруашылығы
1
Әдетте қыс айларында бұғыны қашаға қамап ұстайды, арасындағы әлжуазын сойысқа жығады.
2
Бұғы өсірушілер бұғының етін, терісі мен мүйізін сатып табыс көреді.
3
Тундра табиғатына нұқсан тигізбес үшін бұғы ұстаушылар мал басын шекті мөлшерден асырмауға тырысады. Аймақтағы бұғы саны 15-17 мыңнан аспайды.
4
Жыл сайын үш мыңға жуық бұғы сойылады.
5
Әлжуаз малды сояр алдында бұғы өсірушілер олардың көпшілігінің мүйізін кесіп алады, бұғы мүйізі базарда қымбат бағаланады. Бұғы жыл сайын түлегенде мүйізін тастайды.
6
Ресми мәлімет бойынша, бір келі бұғы еті үшін шамамен 130 рубль (2 доллар) ақша төленеді.
7
Бұғы өсірушілер сонымен бірге ай сайын әлеуметтік жәрдемақы алады. Бірақ жаңа жылдан бастап аймақ билігі дотацияны қысқартпақшы. Аймақ кірісінің 90 пайыздан астамы әлемдік базарда күрт құлдырап кеткен мұнай бағасына тәуелді.