Accessibility links

Украина тағы бірнеше Ресей азаматы мен компанияларына санкция салды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі тағы бірнеше Ресей азаматы мен компанияларына санкциялар салғанын хабарлады.

Санкция тізіміне Қырымнан Ресей мемлекеттік думасына сайланған депутаттар, Ресей заңдарына сай қайта тіркелген украиналық компаниялардағы сайлау комиссиясының мүшелері енгізілген.

Шектеу шаралары сонымен қатар құқық қорғау органдары мен соттардың кейбір қызметкерлеріне де салынған. Киев оларды "Ресейде Украина азаматтарының заңсыз ұсталуына қатысы бар" деп айыптайды. Санкция салынған адамдардың аты-жөндері айтылмайды.

Ресей Қырым түбегін Украинадан 2014 жылы наурызда рсеейшіл билік ұйымдастырған референдумнан соң аннексиялап алған. Украина мен Батыс елдері дауыс беру қорытындысын мойындаудан бас тартып, ресейлік ондаған компания мен шенеунікке қарсы санкция салған.

XS
SM
MD
LG