Accessibility links

Ресейде тұтқындарға күш қолдану туралы заң қабылданды


Ресейдегі түрмелердің бірі (Көрнекі сурет).

Ресей президенті Владимир Путин Федералдық жазаны атқару қызметінің қызметкерлеріне түрме мен тергеу абақтыларында отырған тұтқындарға күш қолдану, арнайы құралдар мен атыс қаруын қолдануға рұқсат беретін заңға қол қойды. Заң бойынша, жазаны атқару қызметінің өкілдеріне мұндай шараларды жасауға өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Заң жобасы Мемлекеттік думаға 2015 жылы мамырда түсіп, құқық қорғаушылар тарапынан бірден сынға ұшыраған. Баспасөзде ол "садистер заңы" деп аталып кеткен. Заң жобасына депутаттар биыл желтоқсанда - түрмеде отырған оппозицияшыл белсенді Ильдар Дадиннің колонияда өзін азаптағаны туралы хаты жарияланғаннан бір айдан соң түзетулер енгізген.

Заң жобасынан ең алдымен жазаны атқару қызметінің қызметкерлеріне түрмеде отыру тәртібін бұзғаны үшін дене күшін, арнайы құралдар мен қару қолдануға рұқсат беретін бап алынып тасталды. Сонымен қатар "кездейсоқ кінәсіз адам зардап шегуі мүмкін" деген қауіппен топталып жиналып тұрған тұтқындарға қарсы оқ атуға да тыйым салынды.

Мемлекеттік дума заң жобасын 21 желтоқсанда қабылдаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG