Accessibility links

Арменияда парламент сайлауының мерзімі белгіленді


Серж Саргсян, Армения президенті.
Серж Саргсян, Армения президенті.

Армения президенті Серж Саргсян 2017 жылы 2 сәуірде кезекті праламент сайлауын өткізу туралы жарлық шығарды. Бұл сайлаудан бір жылдан соң Армения қазіргі жартылай президенттік басқарудан парламенттік басқару формасына ауыспақ.

Армениялықтар 2015 жылы желтоқсанда өткен референдумда конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берген. Өзгерістерде президенттің құзіретін шектеп, үкіметтің рөлін күшейту қарастырылған. Президенттің өкілеттігі бес жылдан жеті жылға дейін ұзартылғанымен, құзыреті кәдімгідей шектеледі.

Оппозиция Серж Саргсян премьер-министр болып, билігін сақтап қалғысы келеді деген қауіппен конституцияға өзгерістер енгізуге қарсылық танытқан. Бірақ Саргсян мұндай ниеті барын жоққа шығарған.

Саргсяннің президенттік өкілеті аяқталатын 2018 жылдың соңына дейін қазіргі құзыреті толық сақталады. Бұдан кейін Армения жаңартылған конституцияға сай парламенттік басқару формасына өтпек. Бұл кезде президентті халық емес, парламент сайлайды.

Арменияның қазіргі парламентіндегі 131 депутаттың 69-ы - Срагсяннің Республикалық партиясынан сайланған. Қалған депутаттар - өзге бес партияның өкілдері.

XS
SM
MD
LG