Accessibility links

ІІМ: Полиция қызметкері енді жаяу күйде көлікті тоқтатпайды


Қазақстан полиция қызметкері (Көрнекі сурет).
Қазақстан полиция қызметкері (Көрнекі сурет).

Қазақстанда келесі жылдан бастап жаяу жүрген жол полициясы қызметкеріне көлікті тоқтатуына тыйым салынады деп хабарлады бүгін Астанада ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқармасы бастығының орынбасары Еркін Мүсілімов.

Оның сөзінше, 2017 жылы жол полициясы қызметкерлері жолда жүру ережесін көлікпен жүріп қадағалайды. Мүсілімов полиция қызметкерлері жол қозғалысын қолмен реттеу сирек жағдайда ғана қолданылатынын айтты. Ол жол полициясы қызметкерлері кептеліс туындағанда, жол-көлік оқиғасы болғанда, я жолды көлік жауып қалған жағдайда патруль көлігі келіп жарық сигналын қосатынын және оған қосымша жол қозғалысын реттейтінін айтады.

Кеше ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлері 2017 жылдан бастап арнайы таяқты (жезл) қолданбайтынын, көлікті тоқтатқанда, жол қозғалысын реттегенде қолмен ишара жасайтынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG