Accessibility links

Рубль дамушы нарықтардағы нығайып келе жатқан валюталар қатарына енді


Ресей рублі (Көрнекі сурет).
Ресей рублі (Көрнекі сурет).

Ресей рублінің АҚШ доллары мен еуроға шаққандағы бағамы жаңа жылдың алғашқы сауда сессиясында нығая түсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, рубль дамушы нарықтар арасындағы нығайып келе жатқан екінші валюта атанды.

3 қаңтарда Мәскеу биржасында сауда аяқталатын кезде бір доллар 60,51 рубль, бір еуро 62,76 рубль болған. Рубль бағамы мұнай бағасы көтеріліп, Ресей экономикасында өсім болады және Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскен соң АҚШ-Ресей қарым-қатынасы жақсаруы мүмкін деген оптимистік болжамдарға байланысты артып отыр.

"Дамушы нарықтардағы ең нығайып келе жатқан валюта" номинациясы бойынша бірінші орында Бразилия реалы тұр. Өткен жылы реалдың долларға шаққандағы бағамы 70 пайызға нығайған.

Lombardi Letter сайтының экономисі Алессандро Бруноның пікірінше, рубльдің АҚШ долларының басқа валюталардың көпшілігіне қатысты бағамы көтеріліп, еуро бағамымен теңесіп қалған кезде күшеюі таң қаларлық жайт. Экономист Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ пен Еуропа Одағының санкцияларына қарсы стратегиясы арқасында 2016 жылы нығая түскен рубль 2017 жылы ең өтімді валюта болуы мүмкін деп болжайды.

XS
SM
MD
LG