Accessibility links

Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпір бөлігінің құлау себебі анықталды


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Өскеменде Ертіс өзені үстіндегі жөнделіп жатқан көпірдің ескі бөлігінің опырылып құлауына көпір тіреуінің тозуы себеп болған деп хабарлады бүгін Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы.

Прокуратураның көпір бөлігінің құлауын тексеру қорытындысы бойынша мәлімдеуінше, сараптама "пайдаланылғанына 50 жылдан астам уақыт болған көпір тіреулерінің тозғанын" анықтаған.

"Бетонда ұсақ жарықшақтар пайда болып, тіреуге ұдайы су кірген, ал анкерлік арматураны тот басқан. Көпір құрылысының бір бөлігі демонтаж жұмыстарын дұрыс жүргізбеуден құлады деуге келмейді" делінген облыстық прокуратураның мәлімдемесінде.

Өскеменде Ертіс өзені үстіндегі көпірдің бір бөлігі 24 қараша күні жөндеу жұмыстары кезінде опырылып құлап, бір адам жараланған. Демонтаж жұмыстарын "Рязанов атындағы №25 көпір құрылысының отряды" фирмасы жүргізген.

Көпірдің бір бөлігі құлаған соң Өскемен прокуратурасы "тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG