Accessibility links

Түркия түнгі клубқа шабуылдаған адамды анықтағанын хабарлады


Түркия полициясы шабуыл жасалған Reina түнгі клубы жанындағы көлік жүргізушілерін тексеріп жатыр. Стамбул, 2 қаңтар 2017 жыл.
Түркия полициясы шабуыл жасалған Reina түнгі клубы жанындағы көлік жүргізушілерін тексеріп жатыр. Стамбул, 2 қаңтар 2017 жыл.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу билік жаңа жыл түні Стамбулдағы түнгі клубқа шабуыл жасаған адамның кім екенін анықтағанын мәлімдеді. Мевлют Чавушоглу бүгін Anadolu агенттігіне шабуыл жасаған адамның аты-жөні анықталғанын хабарлағанымен, толыққанды ақпар бермеді.

Қаңтардың 1-і күні түнде Стамбулдағы Reina клубына автоматпен қаруланған ер адам басып кіріп, жаппай оқ атқан. Шабуылдан кемінде 39 адам қаза тауып, 69 адам жараланған. Күдікті шабуылдан соң жасырынып үлгерген. Шабуылдың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алған.

Бұған дейін Anadolu агенттігі Измирде ИМ-нің сезікті бес мүшесі ұсталғаны туралы хабарлаған. Агенттіктің мәліметінше, түнгі клубқа шабуылды тергеу аясында кенм дегенде 14 адам, оның ішінде екі шетелдік ұсталған.

XS
SM
MD
LG