Accessibility links

Франция Косовоның экс-премьерін қамауда қалдырды


Рамуш Харадинай, Косовоның бұрынғы премьер-министрі.
Рамуш Харадинай, Косовоның бұрынғы премьер-министрі.

Франция соты Косовоның бұрынғы премьер-министрі Рамуш Харадинайді қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Францияның шығысындағы Кольмар қаласының соты 5 қаңтарда Харадинайды экстрадициялауды талап еткен Сербия билігінің сұрауын қарау үшін оны қамауда қалдыру туралы шешім шығарды.

Харадинай Косовода 1998-1999 жылдардағы соғыста дала командирі болған. Сербия билігі оны сол соғыста әскери қылмыс жасады деп айыптайды. Бұрын Сербияның бір аймағы болған Косово 2008 жылы тәуелсіздігін жариялаған.

Рамуш Харадинайдың "Косовоның болашағы үшін альянсы" партиясының өкілі Азаттыққа оны қамауда қалдыруды құп көрмейтінін мәлімдеді.

Косованың сыртқы істер министрлігі де Франция билігінің Харадинайды ұстағанына қарсылығын білдірді.

Харадинай Косово үкіметін 2004-2005 жылдары басқарған. Оған әскери қылмыс жасады деген айып тағылып, кейін Гаага трибуналы ақтаған. Харадинай 2015 жылы маусымда Сербияның ордері бойынша ұсталып, екі тәуліктен соң дипломатиялық қысыммен босатылған.

XS
SM
MD
LG