Accessibility links

Пентагон: Сирияда "Әл-Қаиданың" 20 содырының көзін жойдық


Сириядағы "Жабхат Фатех әл-Шам" тобының содырлары. Тамыз, 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Сириядағы "Жабхат Фатех әл-Шам" тобының содырлары. Тамыз, 2016 жыл (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі осы аптада Сирияның солтүстік-батысында әуе шабуылдары барысында "Әл-Қаиданың" 20-дан астам өкілінің көзі жойылғанын хабарлады.

Пентагонның ақпаратына қарағанда, америкалық әскери ұшақтар 1 және 3 қаңтарда Идлиб провинциясының Сармада қаласы маңында екі рет әуе шабуылын жасаған. 1 қаңтардағы шабуылдан "Әл-Қаиданың" бес содыры, 3 қаңтардағы шабуылдан 15-тен астам содырының көзі жойылып, алты техника қираған.

Жергілікті ақпарат көздері әуе соққылары "Әл-Қаида" ұйымымен байланысты "Жабхат Фатех әл-Шам" (бұрынғы "Нусра майданы") тобын нысанаға алып жасалғанын айтады.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымы 3 қаңтарда Идлибте "Жабхат Фатех әл-Шам" ұйымының командалық штаб-пәтеріне жасалған әуе шабуылынан кем дегенде 25 адам мерт болғанын хабарлаған.

Пентагонның ресми өкілі Питер Кук "Әл-Қаида" басшылары "террористік іс-қимылдарды бұл орыннан басқа жақта отырып басқарғанын" айтады. "Біз "Әл-Қаиданың" күш жинап, АҚШ-қа немеес оның өзге де одақтастарына шауыл жасауына жол бермейміз" деді Питер Кук.

"Жабхат Фатех әл-Шам" тобы террористік ұйым деп танылғандықтан Сирияда өткен аптада жарияланған бітімнен шығарылған.

XS
SM
MD
LG